Accessibility links

Еуропа Одағы Каддафиді биліктен кетуге шақырмақшы


Еуропа Одағының жетекшілері Ливияға қатысты Брюссельдегі саммитке жиналды.

Одақтың қазіргі президенті Венгрияның мәлімдеуінше, Еуропа Одағының басшылары Муаммар Каддафиді биліктен кетуге шақырып, оның режиміне қарсы қосымша санкция енгізуі мүмкін.

Саммит қарсаңында Ұлыбритания мен Франция Еуропа Одағын Ливия оппозициясын қолдауға шақырды. Олар ливиялық көтерілісшілерге көмектесу мақсатында іс-қимыл жоспарын қабылдауға үндеген. Оның ішінде Ливияның әуе кеңістігінде ұшуға тыйым енгізу ұсынылып отыр.

Бұл уақытта Муаммар Каддафидің әскерилері елдің шығысында оппозициялық күштер бақылауындағы аймақтарға шабуылдарын күшейтті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG