Accessibility links

Байден Молдованы демократиялық реформаларға шақырды


АҚШ вице-президенті Джо Байден Молдованы жемқорлықпен күресуге және батысшыл демократиялық реформаларды жүзеге асыруға шақырды.

Кишинев орталығында жиналған үш мыңға жуық адамның алдында сөйлеген сөзінде Байден Вашингтон Молдовадағы саяси және экономикалық реформаларды қолдайды деп атап көрсетті. Молдова мен сепаратистік Днестр маңы аймағының арасындағы дау туралы айтқан Байден "Днестр маңы аймағының болашағы Молдовада, ал Молдованың келешегі Еуропада" деп мәлімдеді.

Молдова 1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған болатын.

Халықаралық түрде мойындалмаған сепаратистік аймақта Ресейдің шамамен 1500 жауынгері бар.

Байден Молдоваға Ресейден кейін барды.
XS
SM
MD
LG