Accessibility links

"Алға" партиясы өз белсенділеріне шабуыл жасалғанын айтты


Қазақстанда тіркелмеген "Алға" оппозициялық партиясы өзінің сегіз белсендісіне шабуыл жасалғанын хабарлады. Партияның мәліметінше, Павлодарда президент сайлауына бойкот жариялауға шақырған белсенділерге жұма күні бір топ адам шабуылдаған, олардың қолдарында пышақтар болған.

Оқиға орнынан түсірілген бейнетаспа полицияға тапсырылған.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді.
XS
SM
MD
LG