Accessibility links

Назарбаев жапониялықтарға көңіл айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапониядағы табиғи апаттың құрбандарына байланысты көңіл айтты.

Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Наото Канға жолдаған жеделхатында Назарбаев Жапониядағы жер сілкінісі кезінде болған сұрапыл апаттың құрбандарына байланысты қайғыға ортақтастығын білдіріп көңіл айтқан.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елдің Токиодағы консулдығында 95 қазақстандық тіркелген, олардың зардап шеккендігі туралы хабар түспеген.

Жұма күні Жапонияда 8.9 балдық зілзаладан кейін цунами басталып, жүздеген адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG