Accessibility links

Жапониядағы апаттан жүздеген адам қаза болды


Жапония ресми өкілдерінің айтуынша, елдегі табиғи апаттан мыңнан астам адам қаза тапқан болуы мүмкін. Жұма күні 8.9 балдық зілзаладан кейін 10 метрлік цунами көтеріліп, Жапонияның солтүстік-шығысындағы жағалауда мыңдаған үйлер, көліктер мен кемелер су астында қалды.

Жапонияның ядролық қауіпсіздік бойынша комиссиясының ресми өкілінің мәлімдеуінше, Фукусимадағы атом-электр стансасында реактор қираған болуы мүмкін. Зауыттар айналасындағы аймақтардан мыңдаған адам эвакуцаияланған.

Қазір Жапонияда құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жұма күнгі зілзала -соңғы ғасырда әлемде болған бесінші ең ірі жер сілкінісі делінеді.

Хабарларға қарағанда, осы уақытқа дейін 600 адамның құрбан болғандығы расталған.

Президент Барак Обама жапониялықтарға көңіл айтып, АҚШ өзінің жақын одақтасына көмектесуге әзір деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG