Accessibility links

Пәкістанда НАТО мұнай танкерлеріне шабуыл жасалды


Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар бүгін НАТО-ның екі мұнай танкерін өртеген. Полиция өкілі Зариф Курдтың мәлімдеуінше, шабуыл Балучистан уәлаяты астанасы Куеттадан 75 шақырымдағы Мач аумағында болған.

Ауғанстандағы НАТО күштерін қамтамасыз ететін мұнай танкерлері Пәкістанның Карачи портынан Балучистан арқылы өтіп, шекаралық Чаман қаласына барады.
XS
SM
MD
LG