Accessibility links

Жапонияда құрбандар саны 10 мыңға жетуі мүмкін


Бүгін Жапония полициясы жұма күні болған жерсілкінісі мен цунамиден қаза болғандар саны 10 мыңнан көп болуы мүмкін деді.

Мияги қаласының өзінде ғана 10 мың адам құрбан болуы мүмкін деген қауіп бар деді полиция өкілі. 2 миллион тұрғыны бар Мияги қаласында осыған дейін 379 адамның өлімі ресми анықталған.

Табиғат апатынан елдің солтүстігіндегі Атом электр стансасы жарылғаннан кейін радиациядан қорғанған мыңдаған халық аймақтан қашып жатыр. Бүгінде 170 мыңнан аса адам бұл жерден көшірілген.

Жапония билігі сенбі күні болған бұл жарылыстан соң Фукушима атом стансасы да жарылуы мүмкін деп ескертті.

Елдің ауа-райын болжайтын агенттігі жұма күні болған зілзаланың күші рихтер бағаны бойынша ең жоғарғы 9 баллға жеткенін айтты.
XS
SM
MD
LG