Accessibility links

Ақ үй Араб Лигасының Ливияға қатысты шешімін қолдады


Араб лигасы елдерінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қайрылып, Ливиядағы бейбіт халықты Муаммар Каддафи күштерінің әуе соққысынан қорғау үшін бұл аймақта ұшуға тыйым салуға шақырғанын Ақ үй оң қабылдады.

Вашингтоннан таратылған мәлімдемеде, Араб лигасының сенбі күнгі қадамы өте маңызды делінген. Ақ үй Ливиядағы қақтығысты тоқтататын халықаралық үндеу болуы тиіс деді.

Бірақ АҚШ-тың бұл мәлімдемесінде, әскери әрекеттер жайлы жаңа міндеттемелер туралы айтылмады әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде бұл мәселені талқылауды ұсынбады.

АҚШ пен Еуропа Одағы Каддафи режимін биліктен кетуге шақырған, бірақ олар Ливияда ұшуға тыйым салу мәселесін БҰҰ-да талқылауға ниет танытпай отыр.
XS
SM
MD
LG