Accessibility links

Йеменде шерулер қайтадан басталды


Жексенбі күнгі хабарларға қарағанда, Йемен астанасына шерушілер тағы жиналып, президенттің биліктен кетуін талап етті. Йеменді 30 жылдан аса басқарған президент Али Абдулла Салех шерушілердің ол талабын қабылдамай келеді.

Бұл тұста үкіметтік күштер мен шерушілер арасындағы қақтығыстан сенбі күні 4 адам қаза тапқан. Жексенбі күні үкіметке қарсы шерушінің бірі қақтығыста алған жарақатынан қаза болған.

Сенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бұл елдегі шерушілердің күшпен басылуына наразылық танытып, үкіметтің халыққа күш қолданғанын айыптады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG