Accessibility links

Жапонияда зілзаладан жарылған атом стансасы қауіпті күшейтті


Бүгін Жапонияның билік өкілдері жерасты дүмпулерінің қуатты соққысы әсер еткен атом электр стансасы үлкен қауіп төндіріп тұрғанын айтты.

Мамандар ол жерде тағы жарылыс болуы мүмкін деп ескертеді және елде ядролық дағдарыс күшейе түседі деп қауіптенеді.

Табиғат апатынан елдің солтүстігіндегі Атом электр стансасы жарылғаннан кейін радиациядан қорғанған мыңдаған халық аймақтан қашып жатыр. Бүгінде 170 мыңнан аса адам бұл жерден көшірілген. Жапония билігі сенбі күні болған бұл жарылыстан соң Фукушима атом стансасы да жарылуы мүмкін деп ескертті.

Бүгін Жапония полициясы жұма күні болған жерсілкінісі мен цунамиден қаза болғандар саны 10 мыңнан көп болуы мүмкін деді. Мияги қаласының өзінде ғана 10 мың адам құрбан болуы мүмкін деген қауіп бар деді полиция өкілі.

2 миллион тұрғыны бар Мияги қаласында осыған дейін 379 адамның өлімі ресми анықталған. Елдің ауа-райын болжайтын агенттігі жұма күні болған зілзаланың күші рихтер бағаны бойынша ең жоғарғы 9 баллға жеткенін айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG