Accessibility links

Ауғанстанда бомба жарылысынан 4 бейбіт тұрғын қаза тапты


Бүгін Ауғанстан билігі елдің оңтүстігіндегі Қандағар провинциясында жол бойына қойылған бомбаға 4 бейбіт тұрғын түсіп, қаза болғанын хабарлады.

Елдің Ішкі істер министрлігі таратқан мәлімдемеде, Шорабак ауданында сенбі күні болған бұл жарылыс тексеріліп жатыр делінген. Ауғанстанда бейбіт халықтың өлімі көбейіп отыр.

БҰҰ-ның өткен аптада таратқан мәлімдемесіне қарағанда, 2010 жылы бейбіт тұрғындар шығыны 15 пайызға өсіп, 2,770 адам құрбан болған.
XS
SM
MD
LG