Accessibility links

Клинтон араб елдеріндегі төңкерістерді талқылауға шықты


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон жексенбі күні Парижге барып, Ливия оппозициясымен келіссөздер өткізеді.

Одан кейін жаппай болған наразылық шараларынан кейін билігі ауысқан Египет пен Туниске де ат басын тіремекші.

Оның бұл сапары туралы Ливия телеарнасы Каддафи күштері елдің шығысындағы Брега қаласын көтерілісшілерден қайтарып алды деген хабарынан кейін айтылып отыр.

Бұл солтүстік африкалық елде бірнеше аптаға созылған үкіметке қарсы шерулерден кейінгі соңғы жағдайлар осындай болып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG