Accessibility links

Жапонияда тағы да жер сілкінді


Бүгін таңертең Жапонияда алты магнитудадан асатын жер сілкінісі тағы да тіркелді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Өткен жұмада болған аса күшті зілзала мен соның салдарынан пайда болған цунамиден, ресми деректер бойыша, екі мыңға жуық адам мерт болған. Құрбан болғандар саны он мың адамға жетуі мүмкін деп ескертеді билік орындары. Жұма күнгі зілзала Жапонияның бірқатар аудандарын қатты қиратып кетті.

Табиғи апат салдарынан Токиодан солтүстікте орналасқан атом электр станциясындағы үш реакторға зақым келді. Олар жарылып кетпес үшін сақтық шаралары жасалып жатыр. АЭС тұрған ауданда радиациядан 22 адам зардап шеккені хабарланды. АЭС-тің айналасындағы 20 шақырымдық аймақтан ондаған мың адам басқа жерге көшірілді.

Жапония премьер-министрі Наото Кан жапон елі үшін бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен апат деп атады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG