Accessibility links

Қоғамдық ұйым Қытайда қазақстандық 4 азаматқа өлім жазасы қаупі төніп тұрғанын айтады


Қытай түрмесінде отырған Қазақстанның төрт азаматы өлім жазасына кесілуі мүмкін деген қауіп бар деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі. Бұндай ақпаратты «Шетелде оқитын балалардың, студенттердің, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі халықаралық лига» қоғамдық бірлестігі басшыларының бірі Берік Иманбаев жеткізген.

Оның айтуынша, қоғамдық бірлестік қазір ол төрт адамның аты-жөні мен оларға қандай айып тағылғанын анықтап жатыр.

Берік Иманбаев шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы «қуантарлық емес» деп айтып отыр. Қазіргі уақытта шетелдерде оқып жүрген Қазақстанның мыңдаған азаматтары ол жаққа түрлі арналар бойынша кеткен.

«Шетелге ұзақ уақытқа баратын азаматтарымыздың бәрі консулдық қызметке келіп тіркелмейді», - деген Берік Иманбаев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG