Accessibility links

Түркияда қамаудағы журналистерге қолдау білдірген шеру өтті


Стамбул қаласында Түркияның әртүрлі қаласынан жиналған жүздеген журналистер қамауда отырған әріптестерін босатуды талап етіп шеру өткізді.

Стамбулдың орталығында өткен шеруге құқық қорғаушылар, мәдениет қайраткерлері мен оппозиция өкілдері қатысты. Түркияда тұтқында отырған және осы кезге дейін елде құрбан болған журналистердің портреттерін ұстап шеруге шыққандар қамауда отырған әріптестеріне қолдау білдіріп, әділдікті талап етті.

Наурыз айының басында түрік полицейлері 2003 жылы үкіметке қарсы қастандық ұйымдастырмақ болған деген күдікпен Анкара мен Стамбул қалаларында ұстаған оншақты адамның бесеуі - журналистер.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG