Accessibility links

Қытай парламенті экономикалық дамудың 5 жылдық жоспарын бекітті


Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы бүгін елдің алдағы бес жылға арналған экономикалық даму жоспарын мақұлдады.

Парламентте сөйлеген сөзінде Қытай премьері Вэнь Цзябао жақын жылдар елдегі экономикалық реформалар үшін шешуі болатындығын атап өткен. Үкімет жоспарында ауыл шаруашылығы аудандарын дамыту мен әлеуметтік теңсіздікті жою шаралары белгіленген.

Сонымен бірге қытай премьері ұлттық ақша - юаньнің бағамы күрт өзгерту жоспарда жоқ екендігін хабарлаған.

Бұған дейін АҚШ Қытай өз ұлттық валютасының бағамын жасанды түрде арзан етіп ұстап, бұл жағдай Қытаймен сауда қатынасында өзге елдерге кері әсерін тигізіп отыр деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG