Accessibility links

Ресейдің аймақтық сайлауында билік партиясы жеңіске жетті


Ресейдің "Единая Россия" партиясы аймақтық сайлауларда басым дауыспен алға шықты. Алдыңғы қортындыларға қарағанда, биліктің партиясы жексенбі 12 аймақта өткен жергілікті парламентке сайлауда жеңіске жеткен.

"Единая Россия" партиясы бір аймақтың өзінен 40-тан жоғары пайыз дауыс жинағаны айтылды. Қиыр Шығыстағы Чукоткада бұл партия 71 пайыздан көп дауыс алған.

«Голос» сайлауды бақылау тобының бақылаушылары дауыс беру кезінде бұрмалаушылықтар болды деді. Билік өкілдері аса үлкен заңбұзушылық болмады деп отыр.

Бұл аймақтық сайлаулар желтоқсан айындағы парламенттік сайлау мен келесі жылғы президент сайлауы алдындағы сынақ ретінде қаралып отыр.
XS
SM
MD
LG