Accessibility links

Қырғызстанда бір тауға Путиннің аты берілді


Қырғызстан президентінің дүйсенбі күннен бастап күшіне енген қаулысынан кейін, бұл елдегі бір шың Ресей премьер-министрі Владимр Путиннің есімімен аталатын болды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Президент Роза Отунбаева өткен аптада парламенттің мақұлдауынан кейін, екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты таныту үшін биіктігі 4,446 метр болатын тауға Путиннің есімін беру жөніндегі қаулыны бекітті.

Желтоқсан айының соңында Мәскеуге сапармен барып қайтқан қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаев Путинге таудың атын беру жөніндегі ұсынысын парламентке жолдаған еді. Бұл ұсынысқа Қырғызстанда қарсы шыққандар да болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG