Accessibility links

Қазақстанның 69 азаматы Токиодан Алматыға ұшақпен жеткізілді


Токиодан 86 адамды алып шыққан Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы бүгін таңертең жергілікті уақытпен сағат 08.09-да Алматы әуежайына келіп қонды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ильяс Омаров хабарлады.

Оның айтуынша, ұшақпен келгендердің 69-ы Қазақстанның, ал 17 адам – Қырғызстан азаматтары.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, Жапониядағы Қазақстан консулдығының есебінде 95 адам тіркелген.
XS
SM
MD
LG