Accessibility links

Солтүстік Корея алтыжақты келіссөздерді жалғастыруға ниет білдірді


Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасына қатысты алтыжақты келіссөздерді жалғастыруға ниет білдіріп отыр.

Бұл туралы Пхеньянда сол елдің басшылығымен Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Бородавкин келіссөз өткізген соң Солтүстік Кореяның ресми жаңалықтар агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәлімдемесінде алтыжақты келіссөздерді жалғастыру үшін Пхеньян ешқандай қосымша талаптар қоймайтыны айтылған. АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың қатысуымен өткізілген келіссөздер 2009 жылы үзіліп қалған.

Былтыр қарашада Солтүстік Корея билігі елде уран кенін байытатын қуатты зауыт бар және ол тек бейбіт мақсатқа пайдаланылады деп мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG