Accessibility links

«Хьюман Райтс Уотч» Ташкенттегі өкілдігін жабуға мәжбүр болғанын мәлімдеді


Адам құқығын қорғайтын «Хьюман Райтс Уотч» халықаралық ұйымы Өзбекстан билігі оларды Ташкенттегі өкілдігін жабуға мәжбүр еткендігін мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, халықаралық ұйымның Өзбекстандағы қызметі түрлі кедергілерге тап болған, оларға виза және жұмыс істеуге рұқсат беруден бас тартқан өзбек билігі былтыр мамыр айында ұйымның өкілдігін тіркеуден айырған.

Ресми Ташкент әзірге бұл мәселеге қатысты ешқандай түсінік берген жоқ.

«Хьюман Райтс Уотч» ұйымы Өзбекстанда адам құқықтарының жағдайы барған сайын нашарлай түскен тұста сол елдегі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болып отырғанын атап көрсетеді. Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, Өзбекстанда азаптап-қинау жаппай қолданылады, ондаған журналистер мен саяси белсенділер түрмеде отыр.
XS
SM
MD
LG