Accessibility links

Ақордаға бет алған бірнеше үлескерді полиция ұстап әкеткен


Сейсенбі күні «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының бірнеше белсендісі қолдарына ұрандар жазылған плакаттар ұстап, Астана орталығымен жүріп өткен.

Астананың әкімшілік орталығына елдің әр түкпірінен келген ондаған үлескер жиналған болатын. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматыдан Астанаға арнайы жеткен үлескерлер өздерінің проблемасын шешуді сұрап ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінуге келгендерін айтқан. Бірақ полиция олардың жолын бөгеп, Ақордаға жібермей қойды деп оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Осы жерге жеткен кейбір депутаттар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері үлескерлерді сабыр сақтауға шақырып, олардың мәселесін басқа жерге барып талқылауды ұсынды. Азаттық тілшісі шеру өткізгендердің біразын полиция ұстап әкетті деп хабарлады.

Үлескерлер сәуір айында республикалық деңгейде наразылық шарасын өткізетіндіктерін айтқан.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG