Accessibility links

Албанияда жанармай жанжалына қатысты 11 адам қамалды


Албанияда құны бірнеше миллион еуро болатын жанармай жанжалына қатысты кемінде 11 адам қамауға алынды.

Прокуратура өкілінің айтуынша, алаяқтық жасады деген күдіктілер қатарында кәсіпкерлер, кеден және салық қызметкерлері бар. Оларға қызметін пайдаланып, ақша жымқырды, алаяқтық жасады деген айыптар тағылған.

Олар бірнеше жыл бойы экспортқа шығуы керек делінген 47 мың тонна шикі мұнайды заңсыз түрде жергілікті нарықта қайта сатып келген. Және шикі мұнайға дизель майын құйып араластырып, жанармай ретінде сатқан.

Албания ақпарат құралдарының бағалауынша, алаяқтық құрған компаниялар жылына 70 миллион еуро қаржыны қалталарына басып отырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG