Accessibility links

Каддафи күштері көтерілісшілерге қарсы тойтарыс беріп жатыр


Ливиядан түскен хабарларға қарағанда, ел жетекшісі Муаммар Каддафиге жақын күштер Зуара қаласын көтерілісшілерден қайта тартып алды. Бұл қаланы Каддафи режиміне қарсы шерушілер басып алған болатын.

Сонымен қоса сейсенбі күнгі хабарларда, Каддафидің Туниспен шекаралас батыс жағалауларға бақылауды алғанын айтылды.

Бұл арада АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливияның оппозициялық жетекшілерімен келіссөздер өткізді.

Бірақ Парижде дүйсенбі күні өткен келіссөздер жайлы Клинтон да, Ливия көтерілісшілерінің жетекшісі Махмуд Жебрейл де ештеңе айтпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG