Accessibility links

Ауғанстанда НАТО шабуылынан 2 бала қаза болды


Ауғанстанда НАТО-ның әуе соққысынан екі бала қаза тапты. Осыған дейін тоғыз баланың шетелдік күштердің әуе шабуылынан құрбан болғаны елде наразылықтар тудырған.

Кунар провинциясындағы аудан өкілі Абдул Маржан екі бала егістік жерлерін суарып жатқанда коалициялық күштердің әуе берген соққысына тап болды деді. Екі бала 10 және 15 жастағы ағайындылар болған.

НАТО өкілі мұндай оқиғаның болғанын растады. Бірақ ол нысанаға бүлікшілер алынған, оның бірі қаза тауып, екіншісі жараланды деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG