Accessibility links

Қырғызстанда АҚШ пен Ресей әскери орталық ашады


Қырғыз президенті Роза Отунбаева елдің оңтүстігінде АҚШ пен Ресейдің жаңадан әскери жаттығу орталығын құруды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Сейсенбі күні Бішкекте журналистермен кездескен президент Отунбаева, Қырғызстанға оңтүстігіндегі аймақтарының шекарасын күшейту керек деді.
Сол себепті Қырғыз үкіметі Ресейдің Ош қаласында әскери жаттығу орталығы ашу ұсынысымен келісті деген.

Екінші жаттығу орталығын Баткенде АҚШ әскері құратын болады деді ол. Бірақ басқа толығырақ мәлімет берген жоқ.

Қырғызстан билігі елдің оңтүстігіне Тәжікстаннан келген исламистік экстремистер еніп жатыр деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG