Accessibility links

Каддафи күштері Бенгазиді шабуылмен алмақшы


Муамар Каддафиге бағынышты әскерлер елдің шығысындағы Аджабия қаласын алғаны туралы сейсенбі күні Ливияның мемлекеттік телеарнасы хабар таратты.

Америкалық Си-эн-эн телеарнасының хабарлауынша, куәгерлер қалада ұрыстар жалғасып жатқанын, әйткенмен Каддафиді қолдайтындардың басым екенін айтқан.

Каддафи күштерінің ендігі нысанасы – Ливияның шығыс бөлігінің орталығы саналатын Бенгази қаласы. Бұл қала ақпан айынан бері көтерілісшілердің қолында.

Сейсенбі күні Триолиде өзін қолдаушылар алдында сөйлеген Муамар Каддафи батыс елдері мен Араб мемлекеттері лигасын қатты сынға алды. Ал ливиялық оппозицияны ол «сатқындар», «егеуқұйрықтар» деп атады.
XS
SM
MD
LG