Accessibility links

Уго Чавес: Венесуэла ядролық бағдарламасын тоқтатады


Венесуэла президенті Уго Чавес елдің ядролық энергетиканы дамыту бағдарламасы тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Венесуэла билігінің бұл ұйғарымына Жапониядағы «Фукусима-Дайичи» атом электр станциясындағы апат себеп болып отыр.

Уго Чавестің айтуынша, Жапония сияқты озық технологиясы бар мемлекеттің өзінде болып жатқан бұл оқиғалар атом электр станцияларының адам өміріне үлкен қауіп-қатер төндіретіндігін көрсеткен.

Былтыр Венесуэла президенті елде ядролық энергетиканы дамыту қажеттігі туралы мәлімдеген еді. Чавес Мәскеуге сапары кезінде Венесуэлаға алғашқы атом реакторын салуға Ресейдің көмектесетіні туралы алдын-ала уағдаласып қайтқан болатын.
XS
SM
MD
LG