Accessibility links

Назарбаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қайта қарауды тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясы мәселесін қайта қарауды ұсынып және мемлекеттік органдарға «елдің ұлттық қауіпсіздігі» туралы заңға өзгерістер енгізуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі хабарлады.

«Біз ұлттық қауіпсіздік стратегиясын қайта қарастырып, оны уақыттың талабына сәйкес келтіруге тиіспіз. Қауіпсіздік мәселесі – ауқымды және күрделі мәселе. Бұл біздің 2030 жылға дейінгі стратегиямыздың басты бағыттарының бірі», - деген Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы сөзінде.

Хабарларға қарағанда, мемлекет басшысы Үкіметке және мемлекеттік органдарға атап айтқанда, «Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңның жаңа редакциясын және осы саладағы стратегиялық құжаттар туралы бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, ішкі істер органдары туралы жаңа заң қабылдау туралы да атап өткен.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар қабылдаған қаржылық міндеттемелердің орындалуына бақылау жасау, атомдық саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу, теңіз мұнай операциялары және өзге жағдайлар кезінде техногендік төтенше жағдайлардан сақтап қалу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.
XS
SM
MD
LG