Accessibility links

Пәкістан соты АҚШ азаматына кісі өліміне жауапты деген айып тақты


Пәкістан билігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні Лахор қаласындағы сот АҚШ-тың Орталық барлау агенттігінің қызметкеріне екі адамды өлтірген деген айыпты ресми түрде тақты.

Рэймонд Дэвис сотталатын болса, оған өлім жазасы берілуі мүмкін. АҚШ азаматы Дэвис қаңтардың 28-і күні екі пәкістандықты атып өлтірген. Ол өзін қорғау үшін сондай әрекетке барғанын айтады.

АҚШ билігі оның дипломатиялық иммунитеті бар екенін алға тартып, босатылуы керек дейді. Бұл оқиға АҚШ пен Пәкістан арасындағы байланыстарға кері салдарын тигізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG