Accessibility links

Ресей мен Беларусь Қазақстанға АЭС құрылысына қатысуды ұсынды


Кеден одағына мүше Ресей мен Беларусь елінің министрлер кеңесі Қазақстанға Беларусте салынып жатқан атом электр стансасы құрылысына қатысуды ұсынған.

Бұл туралы сейсенбі күнгі Минскідегі үш жақты келіссөздерден кейін Беларусь премьері Михаил Мясникович мәлімдеді.

Беларусь пен Ресей бұл АЭС құрылысына қатысты ынтымақтастық келісіміне қол қойған. Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің айтуынша, атом электр стансасының құрылысы үшін Ресей Беларусь еліне 9,4 миллиард доллар несие береді.

Бұдан бөлек Кеден одағына мүше - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері аймақта экономикалық тұрақсыздық бола қалған жағдайда бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Кәрім Мәсімов бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде макроэкономикалық саясатты келісіп отыратын боламыз деп мәлімдеген.

Өз кезегінде Владимир Путин қазақстандық әріптесіне жүк тасымалына төленетін қосымша құн салығын алып тастауға уәде берген.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG