Accessibility links

АҚШ, Ресей ғарышкерлері Қазақстанға қонды


Халықаралық ғарыш стансасында бес ай болған америкалық астранавт пен ресейлік екі космонавт аман-есен жерге оралып, орталық Қазақстанға қонды.

АҚШ-тың ғарышкері Скотт Келли, ресейліктер Александр Калери мен Олег Скрипочка отырған Ресейдің "Союз" ғарыш кемесі Арқалық қаласынан 50 шақырым жерге қонған.

Ал ресейлік космонавт Дмитрий Кондратьев, италиялық Паоло Несполи және америкалық Кэтрин Колмэн мінген ғарыш кемесі халықаралық ғарыш бекетіне ұшып кетті. Олар үш айдан кейін жерге оралуы тиіс.
XS
SM
MD
LG