Accessibility links

Жапония императоры елдегі апатқа қатысты жолдау жасады


Жапония императоры Акихито сәрсенбі күні теледидар арқылы сөз сөйлеп, қуатты жерсілкінісі мен цунами болған жұма күннен бері елде қалыптасқан дағдарысқа терең алаңдап отырғанын айтты.

Токионың солтүстігіндегі зілзала салдарынан апат болған атом электр стансасында сәрсенбінің таңында радиацияның қатты тарауына байланысты жұмыс біраз тоқтап қалды.

"Фукусима" атом электр стансасында жерсілкінісінен бері бірнеше жарылыс болды. Жапония үкіметі ядролық кешеннен 20 шақырым жерден тыс аймақтағы халыққа радиацияның қаупі жоқ деді. Бұл жердегі адамдар таңертең эвакуацияланған болатын.

Наурыздың 11-і болған зілзала мен цунами құрбандарының нақты саны әлі анықталған жоқ. Кейбір болжамдар бойынша, апаттан көз жұмғандар саны он мыңнан асуы мүмкін. Соңғы деректерге сәйкес, зілзала мен цунамиден соң Жапонияда жарты миллионға жуық тұрғын баспанасыз қалған.
XS
SM
MD
LG