Accessibility links

Каддафи күштері көтерілісшілер қолындағы қалаға шабуылдады


Хабарларға қарағанда, Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи күштері көтерілісшілер басып алған аймақтарды қайтару шабуылдарын жалғастырып, бүгін Мисрата қаласын атқылады.

Хабарларға қарағанда, 4 адам шабуылдан қаза тапқан. Ливияның үшінші үлкен қаласы Триполиден 200 шақырым жердегі Мисрата қаласы билікке қарсы шерушілер бақылауына өткен еді.

Каддафи күштері елдің шығысындағы Бенгази қаласын да қайтарып алуға күш салып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG