Accessibility links

Пәкістан соты екі адамды өлтірді деген америкалықты босатқан


Пәкістанның заң министрінің сөзіне сілтеме жасаған хабарларда, Лахор қаласының соты екі пәкістандықты өлтірді деген АҚШ Орталық барлау агенттігінің қызметкері Рэймонд Дэвисті босатып жіберген.

Пенджабтың заң министрі Рейтерс агенттігіне айтқанында, бұл істе Рэймонд Дэвиске ресми айып тағылған соң «құн ақысы» келісімі жасалды деген. Осының алдында ғана Рэймонд Дэвис сотталатын болса, оған өлім жазасы берілуі мүмкін деп айтылған.

АҚШ азаматы Дэвис қаңтардың 28-і күні екі пәкістандықты атып өлтірген. Ол өзін қорғау үшін сондай әрекетке барғанын айтқан. АҚШ билігі оның дипломатиялық иммунитеті бар екенін алға тартып, босатылуы керек деген. Бұл оқиға АҚШ пен Пәкістан арасындағы байланыстарға кері салдарын тигізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG