Accessibility links

Азаматтық қоғам белсенділері Өктешбаевтың босатылуын талап етті


Бүгін Алматыда бірнеше қоғамдық ұйым белсенділері баспасөз жиынын өткізіп, президент Назарбаевпен кездесуді сұраған шерушілерге қатысты биліктің әрекетін сынға алды.

Азаматтық қоғам белсенділері сондай-ақ шеру кезінде ұсталған «Халыққа баспана қалдырайық» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Есенбек Өктешбаевты босатуды талап етті.

Вадим Курамшин, Айнұр Құрманов, Жанна Байтелова, Андрей Цуканов және Әлкен Кенжебаев таратқан мәлімдемеде, қауіпсіздік күштерінің шерушілерге күш қолданып, оларды Астанадан шығарып жібергенін, қамауға алынған белсенділерге қатысты әкімшілік іс қозғалғанын сынаған. Олардың айтуынша, президент Назарбаевтан оның сайлау алды бағдарламасы жайлы білмек болған шерушілердің құқы бұзылып отыр.

Сейсенбі күні ондаған адам Астана көшелерімен жүріп өтіп, алданған үлескерлер мәселесін шешуге президент Назарбаевтан сұрамақ болған. Заңсыз шеру өткізді деген айыппен қозғалыс жетекшісі Есенбек Өктешбаев 15 тәулікке қамалды.
XS
SM
MD
LG