Accessibility links

«Фукусима-Дайичи» АЭС-іне тікұшақтан су төгу қайта жалғасты


Бейсенбі күні «Фукусима» атом электр станциясындағы реакторлардың қызуын бәсеңдету масатында станцияның қауіпті бөліктеріне әскери тікұшақтан су төгу жұмыстары қайта жалғасты.

Өткен аптадағы зілзала мен цунами салдарынан АЭС-тің салқыдату жүйесі істен шығып қалған еді.

Жапон үкіметі бұған дейін АҚШ-тың ядролық энергетиканы бақылау жөніндегі комитеті басшысының сөзін негізсіз деп атады. Комитет басшысы «Фукусима» АЭС-індегі пайдаланылған ядролық отын сақталатын ыдыстардың біріндегі судың толық буға айналу қаупі бары жайында пікір білдірген еді.

«Фукусима» АЭС-ын басқарған «Токио электр компаниясы» станцияны электр қуатына тезірек қайта қосу үшін жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді. Ол жұмыстар аяқталғаннан кейін АЭС-ті салқындату жүйесі қалпына келмек.
XS
SM
MD
LG