Accessibility links

Шығыс Қазақстанда кеніштегі жарылыстан екі адам зардап шеккен


Шығыс Қазақстандағы Ертіс кенішінің шахтасында сәрсенбі күні болған жарылыстан екі жұмысшы жараланғаны туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Төтенше жағдайлар қызметінің деректері бойынша, Глубокий ауданындағы Алтай кенті маңында орналасқан шахтада жарылыс болғаны туралы суыт хабар сәрсенбіде жергілікті уақытпен сағат 19.20-да түскен. «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Белоусов кен-байыту кәсіпорны құрамындағы шахтадағы жарылыстан орташа дәрежеде жарақат алған екі жұмысшы ауруханаға жеткізілгені хабарланып отыр.

Адын ала болжамдар бойынша, оқыс оқиғаға жұмыс орнындағы жарылғыш зат қалдықтарының жарылуы себеп болуы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG