Accessibility links

Бахрейн күштері оппозиция белсенділерін қамауға алды


Бахрейнннің қауіпсіздік күштері елдегі сүннит басшылығына қарсы шийт шерушілерін басып тастап, оппозицияның негізгі алты белсендісін қамауға алды.

Бахрейнде шийт мұсылмандары бірнеше апта бойы саяси реформалар талап етіп келеді.

Сәрсенбі күні үкіметтік жасақтар Манама орталығындағы шерушілерді тарқатуға танкілер мен тікұшақтар пайдаланды. Бұл қақтығыста екі шеруші мен екі полиция қызметкері қаза тапқан.

Иран Бахрейндегі шерушілердің басып-жаншылуын айыптады. Ал АҚШ Бахрейндегі жағдайға алаңдаушылық танытып, қауіпсіздік күштерін ұстамдылық танытуға шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG