Accessibility links

Боксер Мохаммед Али Иранды екі америкалықты босатуға шақырды


Әйгілі боксшы, Америкадағы ең белгілі мұсылмандардың бірі Мохаммед Али Иранның рухани жетекшісіне қайрылып, 2009 жылдың қаңтарынан бері Теһранда тыңшылық жасады деген айыппен қамауда отырған екі америкалықты босатуға шақырды.

Кентакидегі Мохаммед Али орталығының өкілі хабарлағандай, 69 жастағы боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы мұндай өтінішті өткен айда Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеиге жолдаған.

АҚШ азаматтары Шэйн Бауэр мен Джош Фаттал Ирақ шекарасында тұтқындалған болатын. Олар өздерінің Ирақ шекарасында қыдырып жүріп, шекарадан байқаусызда өтіп кеткендерін айтқан.

Саяхатшы жастармен бірге ұсталған үшінші Сара Шурд 500 мың доллар кепіл ақшаға қыркүйек айында босатылып, еліне қайтқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG