Accessibility links

Астанада ШЫҰ-ның қорғаныс министрлері кездесті


Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлері бейсенбіде Астанада бас қосып, 2012-2013 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті. Бұл туралы Қытайдың қорғаныс министрі Астанада өткен брифингте айтты.

Қытай министрі Лян Гуанле ШЫҰ-на мүше елдер соңғы жылдары терроризмге қарсы әскери жаттығулар өткізіп, аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосқандарын айтты.

ШЫҰ-на Қытай, Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG