Accessibility links

Жапония реакторларын салқындатуға тырысып жатыр


Жапония жерсілкінісі мен цунамиден кейін бұзылған атом электр стансасындағы ядролық апаттың алдын-алуға күш салып жатыр.

Әскери тікұшақтар Фукусиманың үш реакторына төбеден су құйып, ядролық отынның жанып кетуіне жол бермей жатыр. Билік өкілдері реакторлардың бірінде ядролық отын плутониймен араласқандықтан қауіп төндіріп тұр деген.

Бұл тұста АҚШ президенті Барак Обама Жапония премьер-министрі Наото Канға Америка кемінде 4 мыңнан аса адамның өмірін әкеткен екі бірдей табиғат апатынан шығу үшін Жапонияға қолдан келген көмегін береді деген.
XS
SM
MD
LG