Accessibility links

Ливияда ұшуға тыйым салуды қолдайтындар дауыс беруге шақырады


Муаммар Каддафи күштерінің көтерілісшілерге әуеден соққы беруін тоқтату үшін Ливия үстінен ұшақтың ұшуына шектеу енгізуді қолдайтындар бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі отырыста осы мәселені қолдап дауыс беруге үндеді.

Ұлыбритания, Франция және Араб елдерінің лигасы Қауіпсіздік кеңесін ұшуға тыйым салатын арнайы қарар қабылдауға шақырып келеді.

АҚШ елшісі Сюзан Райс бейбіт халықты қорғау әрекеті ұшуға тыйым салусыз-ақ болуы керек дейді.

Бұл арада Каддафи күштері 41 жылға созылған режимнің аяқталуын талап еткен көтерілісшілерден басып алынған қалаларды қайтарып алып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG