Accessibility links

Каддафи күштері Бенгази маңына жақындап қалған


Ливияның мемлекеттік телеарнасы хабарлап жатқандай, Муаммар Каддафи күштері көтерілісшілер қолына өткен үлкен қалаға таяп қалды.

Хабарларға қарағанда, Каддафи жасақтары Зуейтина қаласындағы мұнай терминалына бақылауды қайта алып, Бенгазиге жақындап қалды. Бірақ бұл мәліметтер әлі тәуелсіз бұлақтар арқылы расталмады.

Ливия ақпарат құралдары тағы да Каддафи күштері Ливияның үшінші үлкен қаласы Мисратаны қайтарып алғанын айтты. Бірақ көтерілісшілер мен тұрғындар ол ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл тұста БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ливияның үстінен ұшақ ұшуға тыйым салуды қолдайтындар бұл ұсынысты жақтап дауыс беруге шақырып отыр.
XS
SM
MD
LG