Accessibility links

«Фукусима» АЭС-іне электр қуаты беріле бастады


«Фукусима» атом электр станциясының екінші энергоблогына электр қуаты берілгені хабарланды. Бұдан соң мамандар өткен жұма күні болған зілзала мен цунами салдарынан істен шыққан реактордың салқындату жүйесін қайта қалпына келтіруге үміттеніп отыр.

Олар 9 магнитудалық қатты жер сілкінісі мен цунами болып өткеннен бері салқындату жүйесі бүлінген АЭС реакторларының қызуын бәсеңдетуге және ядролық отынның еріп кетпеуіне жол бермеуге тырысып жатыр.

Апат шыққан АЭС-тен радиация тарай ма деп қауіптенген басқа мемлекеттер өз азаматтарына Жапониядан кетуге кеңес берді.

Ресми деректер бойынша, Жапониядағы табиғи апаттан бес жарым мыңнан астам қаза болған.
XS
SM
MD
LG