Accessibility links

Ақ үй Пхеньянмен алтыжақты келіссөзді жалғастыру үшін шарт қойды


Ақ үй Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты алтыжақты келіссөздерді жалғастыру үшін Пхеньянның "нақты істерін" көргісі келеді.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Марк Тоунердің мәлімдеуінше, Вашингтон ең алдымен Оңтүстік және Солтүстік Кореялардың өзара қарым-қатынасы түзелгенін қалайды.

Екі күн бұрын Ресей сыртқы істер министрлігі өкілімен кездесуде Солтүстік Кореяның ресми тұлғалары алтыжақты келіссөздерді қайта жалғастыруға ниет білдірген.

АҚШ, Жапония, Қытай, Ресей, Солтүстік және Оңтүстік Кореялардың қатысуымен өткізілген келіссөздер 2009 жылы сәуірде үзіліп қалған. Солтүстік Корея зымыран сынағын өткізгені үшін өзіне БҰҰ тарапынан айтылған сынға наразылық ретінде келіссөздерден шығатынын мәлімдеген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG