Accessibility links

БҰҰ шеруді күшпен басқаны үшін Бахрейн билігін сынады


БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Нави Пиллай Бахрейнде наразылық шеруіне шыққандар мен медицина қызметкерлерінің соққыға жығылғаны, ұсталғаны және өлтірілгені туралы «жан түршіктіретін» баяндама алғанын мәлімдеді.

Нави Пиллай қауіпсіздік күштері көшедегі шеруді танк және тікұшақтармен қуып таратқан елде «әскерилердің ауруханаларды басып алып», заңсыз әрекетке барғанына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Иран мемлекеттік телеарнасы ресми Теһранның Бахрейндегі өз елшісін кері шақырып алғанын хабарлады. Иран сияқты тұрғындарының басым көпшілігін шииттер құрайтын Бахрейнді сүннит король әулеті билеп отыр.

Осыдан бір айға жуық уақыт бұрын шиит оппозициясының наразылық шерулері басталған Бахрейнде осы аптада төтенше жағдай жарияланып, коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG