Accessibility links

АҚШ-тағы атом нысандарының қауіпсіздік жағдайы тексеріледі


Зілзала мен цунами салдарынан жапон атом электр станциясында болған апаттан соң АҚШ президенті Барак Обама елдегі атом нысандарының қауіпсіздік жағдайы тексерілетінін мәлімдеді.

Бейсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде Барак Обама ядролық реттеу жөніндегі комиссия сарапшыларына тиісті есеп әзірлеу туралы өтініш жасағанын хабарлады.

Обаманың айтуынша, Жапониядағы жағдай өзгелерге үлкен сабақ болуы тиіс.
XS
SM
MD
LG