Accessibility links

АҚШ Конгресі Ауғанстаннан әскер шығаруға қарсы дауыс берді


АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы америкалық әскерді Ауғанстаннан шығару туралы қарарға қарсы дауыс берді. Конгрестің 93 мүшесі әскерді шығаруды қолдағанымен, 321 депутат қарсылық білдірді.

Қарарға қолдау танытқандардың көпшілігі - президент Барак Обаманы жақтаушылар. Бұл құжатта АҚШ әскерін Ауғанстаннан 30 күннің ішінде шығару көзделген.

Бұған дейін осы мәселе бойынша «Вашингтон Пост» газеті мен «Эй-би-си ньюс» телеарнасы өткізген сауалнамаға қатысқан америкалықтардың үштен екіге жуығы Ауғанстандағы әскери операцияға АҚШ әскерінің қатысуын тиімсіз деп санайтындарын білдірген еді.
XS
SM
MD
LG