Accessibility links

Жапония зілзала құрбандарын үнсіздікпен еске алды


Бүгін Жапония халқы зілзала құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Осыдан бір апта бұрын Жапонияның солтүстік-шығысында жер сілкініп, цунамидің көтерілген еді. Ресми мәліметтерге сәйкес, 9 балдық зілзала мен цунамиден қаза болып, хабар-ошарсыз кеткендер - 16 мың 600 адам. Алты жарым мыңнан астам адамның қаза тапқандығы расталды.

Қуатты жер сілкінісі мен цунами Токиодан 250 шақырымдай жердегі атом электр стансасындағы 6 реактордың төртеуін зақымдады. АЭС реакторларындағы қызуды басу мақсатында тікұшақпен су тасып құйып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG